Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында туған.
1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті, республикалық «Махамбет» қорының тете-президенті, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болған.
«Тұңғыш» (1978), «Мұңкітап» (1998), «Асаукер» (2001) жыр кітаптарының авторы.
1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған.
Ол сондай-ақ «Тамаша» ойын-сауық отауын ашқаны үшін авторлық куәлік алған.
Қойшығұл Жылқышиев - Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).