Жоба • 07 Маусым, 2023

«IT-Aiel» қандай бағдарлама?

2733 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Astana Hub» технопаркі ел Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2 мың әйелді оқытады.

«IT-Aiel» қандай бағдарлама?

18 жастан асқан, жұмысқа орналаспаған әйелдер «IT-Aiel» бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, «No Code School», «Freelance School», сондай-ақ негізгі компьютерлік сауат­тылық курстары бойынша оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге 1 тамызда онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде кірісе алады. Бағдарлама қызықты вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессияларынан тұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті әйел бар. Олардың 34 пайызы жұмыс істемейді. Ал 41 пайызы жоғары білімге ие. Жақында «Coursera IFC» және Еуропалық комиссиямен бірлесе жүргізген зерттеу көрсеткендей, әйел­дердің 45 пайызы және бала күтіміндегі әйелдердің 60 пайызы онлайн оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда оқуды кейінге қалдырып немесе тоқтатуға мәжбүр болатынын мойындады. Сондықтан «IT-Aiel» бағдарламасы жұмыссыз әйелдер үшін маңызды әрі үлкен мүмкіндікке ие.

Жобаға қатысу үшін әйелдер қауымы сайт арқылы өті­ніш беруі керек: https://education.astanahub.com/itaiel. Оқыту қорытындысы бойынша жобаның барлық түлегі оқуды аяқтағанын растайтын электронды сертификатқа ие болады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында салтанатты түрде марапаттауға шақырылады.

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады. Ал қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы табуға болады: https://education.astanahub.com/itaiel. Қосалқы сұрақтар бо­йынша [email protected] электронды поштасына жазуға немесе 2222 бірыңғай нөміріне қоңырау шалуға болады.

Еске сала кетейік, «Astana Hub» – отандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін барлық жағдай жасалған Орталық Азиядағы ең ірі технопарктің бірі. Қазіргі уақытта технопаркте 1 мыңнан астам қатысушы бар. Олар 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Ал Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демография­лық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен отбасылар­дың өмір сүру жағдайын жақсарту стратегияларын жоспар­­лап, іске асырады. Сондай-ақ әйелдер құқығын қорғау, отбасыларды қолдау және демографияны нығайту бағдарламала­рын әзірлеп, жүргізеді.