Сенат • 06 Маусым, 2023

Жаңа сенатор сайланды

2539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатынан шығып қалған Солтүстік Қазақстан облысы депутатының орнына өткізілген сайлаудың қорытындысын жариялады. Дауыс беру 2 маусымда өтті.

Жаңа сенатор сайланды

Сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервистері жұмыс істеді. Осылайша, сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл үдеріс ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел жарияланды.

Дауыс беруге Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының 193 депутатынан 180 депутат (93,26 пайыз) қатысты. Сайлау бюллетеніне Сенат депутаттығына 2 кандидат енгізілді.

6 маусымда өткен Ортсайлаукомның отырысында «Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қал­ған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда болған сайлаудың қорытын­дыларын анықтау және жариялау туралы» қаулы қабылданды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы­ның 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді.

Рауза Ивановна Қасеноваға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 39 дауысы берілді. Әсем Қалашбайқызы Рахмето­ваға дауыс беруге қатысқан таңдаушы­лар­дың 134 дауысы берілді. «Бәріне қарсы­мын» белгісі бар бюлле­тень­дердің саны – 6.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облы­сынан Қазақстан Республикасы Парла­менті Сенатының депутаты болып Әсем Қалашбайқызы Рахметова 2023 жылы 14 қаңтарда сайланған Парламент Сена­ты депу­таттарының өкілеттік мер­зіміне сайланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республика­сы Парламенті Сенатының шығып қал­ған депутатының орнына 2023 жылғы 2 мау­сымда болған сайлаудың қоры­­тын­дылары туралы ОСК-ның ресми хабары бұқаралық ақпарат құралдарын­да жарияланады.