«Qazaqstan» ұлттық арнасы хабарлағандай, бұл туралы Экология министрлігі әзірлеген алдағы жылдарға арналған су шаруашылығы жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасында айтылған.
Аталмыш құжатта Қазақстанның 28 су объектісін қандай да бір жолмен пайдалануға болмайды делінген.
Министрлік өкілдері түсіндіргендей, өзен мен су қоймалары елдегі тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібтері және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықтың әсерінен ластанып жатыр.