Қоғам • 07 Маусым, 2023

Көлік қарқыны жоғары тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткелдер орнатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік қарқыны жоғары тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды

«Арнайы гобо-проекторлардың көмегімен автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолдағы ақ-сары жолақтарды анық көре алады. Проекция жүргізушілерге жолдан өтіп бара жатқан адамдарды 100-150 метр қашықтықта уақтылы байқауға мүмкіндік береді», деп түсіндірді компанияның ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Заманауи технология Алматы өңірінде орналасқан республикалық маңызы бар тасжолдарда пайда болғанын айта кету керек. Бес жаңа проекциялық жолақтар елді мекендердің, оқу орындарының және медициналық көмек көрсету пункттерінің қасына орнатылған. Олар:

  • А-2 «ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» тасжолының 29 шақырымында (Қарасай ауданы, Барыс автобазарының жанында);
  • А-4 «Алматы - Шамалған - Ұзынағаш - Аққайнар - Сұраншы батыр - ҚР шекарасы» тасжолының 52 шақырымында (Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінің жанында);
  • М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» автожолының 40 шақырымында (Қарасай ауданы, Қошмамбет кентінің жанында);
  • А-2 «ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» тасжолының 24 шақырымында (Талғар ауданы, Панфилов кентінің маңында);
  • Р-17 «Алматы - Талғар - Бәйдібек би» тасжолының 15 шақырымында (Талғар ауданы, Белбұлақ кентінің жанында) орнатылды.

Бұған дейін дәл осындай 30-ға жуық проекциялық жолақ елдің тоғыз өңірінде орнатылған еді.