Бұл рейтингте Бактиер Зайнутдинов көш бастап тұр. 25 жастағы футболшының трансферлік құны 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазіргі кезде ол Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсетеді. Екінші орында – Нұрәлі Әліп. Бүгінгі таңда Санкт-Петербургтің «Зениті» сапында ойнап жүрген ақтаулық қорғаушы 1,2 миллионға бағаланып отыр. Үшінші және төртінші сатыға Александр Меркель мен Марат Быстров жайғасты. Алғашқысы соңғы екі маусымды Түркияның «Газиантепінде» өткізсе, екіншісі Грозныйдың «Ахматының» тасқамал қорғаушысына айналды.
Сондай-ақ бұл тізімде мына футболшылар бар: Абат Айымбетов («Астана») – 900 мың, Асхат Тағыберген («Ордабасы») – 850 мың, Георгий Жуков («Цанчжоу Майти Лайонс», Қытай) – 750 мың, Темірлан Ерланов («Ордабасы») – 700 мың, Артур Шушеначев («Қайрат») – 700 мың және Максим Самородов («Ақтөбе») – 700 мың АҚШ доллары.