Саясат • 07 Маусым, 2023

Босқындар нөпірі көбейген

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемде босқындар саны тарихтағы ең жоғары шекке жетті. Былтырғы дерекке сүйенсек, 100 миллион адам босқынға айналған. Осы мәселеге қоғамның назарын аудару мақсатында Астанада БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының әдебиет бұрышы ашылды.

Босқындар нөпірі көбейген

Іс-шара «Maqsut Narikbaev Uni­ver­sity»де БҰҰ БЖҚБ өкілдерімен бір­­лесіп ұйымдастырылды. Әдебиет бұ­ры­шында қазіргі жаһандық жағ­дай­­дағы қақтығыстар, адам құқық­тары­ның бұзылуы және табиғи апат сал­дарынан миллиондаған адам туған жер­лерін тастап кетуге мәжбүр болып жат­қанда, қоғамның мұндай күрделі мәселелерден хабардар болуына басымдық берілген.

БҰҰ БЖҚБ Азия және Тынық мұхиты бойынша аймақтық кең­се­­сінің директоры Индрика Рат­ват­те Қазақстан Үкіметі мен Бос­қын­­­дар ісі жөніндегі Жоғарғы комис­сар басқармасы арасындағы ынты­мақтастық сенімді әрі берік екенін айтты. Сондай-ақ бұл ынты­мақ­тастық жылдан-жылға нығайып, бос­қындар мен азаматтығы жоқ адам­дарды жан-жақты қорғау мен қол­дауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

– Менің осы іс-шарада болуы­ма бірнеше маңызды себеп­тер әсер етті. Біріншіден, біз Қазақ­стан Үкіметі мен Босқындар ісі жөнін­дегі Жоғарғы комиссар басқар­масы арасындағы сенімді және берік ынтымақтастықтың куәсі болып отырмыз. Екіншіден, БҰҰ БЖҚБ жұмысы гуманитарлық мәселелерді шешуден босқындарға көмек көрсетіп, жаһандық деңгейде азаматтық алмау мәселесін шешуге ауысуда. Осы тұрғыда мен Қазақ­стан Үкіметінің босқындарға көмек көрсету және аймақтық деңгейде азаматтығы жоқтық мәселелерін шешу мәселелеріне ерекше назар аударатын прогрессивті көзқарасын ерекше бағалаймын. Үшінші себеп – аза­маттық қоғаммен, ғылыми және ака­демиялық ортамен серіктес­тік. Біз мұнда Қазақстанның және одан тысқары елдердің ғылыми қауымдастығымен нығайып келе жат­қан байланысты көріп отырмыз. Бұл серіктестік азаматтығы жоқтық мәселесіне көмектесу мен шешуде, сондай-ақ босқындарды қолдауда және адам құқықтарын қорғауда жоғары рөл атқарады, – деді Индрика Ратватте.

Бұған қоса ол БҰҰ БЖҚБ-ның Қазақстандағы өкілі қызметін атқа­ратын Ханс Шоддер мырзаға, сон­дай-ақ БҰҰ БЖҚБ бастамасын қол­дағаны үшін университет ұжымына алғысын білдірді.