Ғылым • 07 Маусым, 2023

Ми импланты

264 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ми импланты сал ауруына шалдыққан адамның физикалық қозғалысын реттейтін ми жүйесін басқару арқылы жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Ғылымның бұл жетістігі туралы «Nature» журналында жаңа зерттеу жарияланды. Ғалымдар құрылғы арқылы жүргізілген экспериментте жақсы нәтижеге қол жеткізген.

Ми импланты

Ми импланты медицинадағы ғылыми жаңалық болып отыр. Дегенмен бұл зерттеудің тек алғашқы нәтижелері әрі ғалымдар құрылғыны әлі жетілдіру қажет деп санайды.

Герт-Ян Оскам 2011 жылы апатқа ұшырап, сал болып қалған. Ал осы ми импланты арқылы ол қайтадан төменгі денені бас­қаруға мүмкіндік алды. Ол 12 жыл бойы жүре алмаған. Қазір жаңа құрылғының көмегімен қай­та жүре бастады.

«Nature» журналында ж­а­рия­ланған зерттеуде швей­ца­рия­лық зерттеушілер Оскамға миға әсер ететін импланттарды орнатқан. Құрылғы арқылы Оскам тұрып, жүріп, көтеріле алады. Имплантты орнатқаннан кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң, ол осы қабілеттерін сақтап қалған және имплантты алып тастағаннан кейін де оның физикалық қозғалысы қалпына келе бастаған.

Оскамға имплантация жаса­ған Лозанна университетінің неврологі Джоселин Блох: «Ба­сын­д­а бұл мен үшін нағыз ғылы­м­и фантастика болды, бірақ бүгін ол шындыққа айналды», дейді.

ям

Соңғы он жылдықта жұлын жарақаттарын емдеуде бірқатар ғылыми-технологиялық жетістік­ке қол жеткізілді. Мәсе­лен, 2016 жылы доктор Куртин жетекшілік еткен ғалымдар тобы сал ауруына шалдыққан маймылдардың жүру қабілетін қалпына келтірген болатын, ал кейін сал ауруына шалдыққан ер адамға қозғалысын қалпына келтіруге көмектесті. 2018 жылы ғалымдар сал ауруына шалдыққан адамдарға қайтадан жүруге көмектесетін электрлі импульстік генераторлар арқылы миға пәрмен беру әдісін ойлап тапты.

Оскам алғаш процедуралар­дан өткеннен кейін оның жүру қабілеті біртіндеп қалпына ке­ле бастаған. Бірақ алғашқы тәсіл барлық жағынан сәтті бола қойған жоқ. Ол құрылғы ар­қылы қозғалғанда бәрібір миы мен денесінің екі бөлек жұмыс істейтінін айтқан.

Ал жаңа зерттеудің нәти­же­сінде құрылғы адамды емес, адам құрылғыны басқара алады. Ғалымдар оған жасанды интеллектінің мүмкіндігін пайдалану арқылы қол жеткізген.

Доктор Джексон сала ғалым­да­ры ондаған жыл бойы миды жұлын стимуляторларына қосу туралы теориялар құрғанын, бірақ бұл олардың мұндай жетістікке бірінші рет жеткенін айтты. «Мұны айту оңай, бірақ оны жасау әлдеқайда қиын», дейді ол. Бұл нәтижеге жету үшін зерттеушілер алдымен Оскамның бассүйегі мен омыртқасына электродтарды имплантациялаған.

Құрылғы жасанды интеллект арқылы адамның ойы мен әрекетін сәйкестендіруге қабі­летті. Зерттеушілер ми имплантын жұлын имплантына қосу үшін арнайы алгоритмді қолданған. Құрылғы адам денесінің әртүрлі бөліктеріне электр сигналдарын жіберіп, қозғалыс тудырады. Алгоритм әрбір бұлшық еттің жиы­рылуы мен релаксациясының бағыты мен жылдамдығындағы өзгерістерді сезе алады. Ми мен омыртқа арасындағы сигналдар әр 300 миллисекунд сайын беріледі.

Зерттеушілер ми-омыртқа интерфейсін жаяу жүру және тұру сияқты негізгі әрекеттерге жақсырақ сәйкестендіру үшін жетілдіре түскен. Осының нәти­же­сінде Оскамның жүрісі ширап, баспалдақтар мен пандустарда салыстырмалы түрде оңай шығып-түсе бастаған. Соны­мен қатар бір жылдық ем­деу­ден кейін құрылғының көме­гінсіз қозғалыстарының айқын жақсарғаны байқалған.

Алайда зерттеушілер ми им­план­тының мүмкіндігі шек­теулі екенін айтады. Ол адамның барлық ойын түсініп, қозғалыс тудыра алмайды. Сондай-ақ дененің жоғарғы бөлігінің қоз­ға­лысын қалпына келтіру мүм­кіндігі жоқ және сал ауруын толық емдей алмайды. Сон­дықтан ғалымдар оның мүмкін­діктерін жетілдіруді көздеп отыр әрі қолданысқа берілгеннен кейін оның барлық пациентке қолжетімді болуын қамтамасыз еткісі келеді.