ANTIKOR • 08 Маусым, 2023

Антикор Әлтаевтың не үшін қамауға алынғанын түсіндірді

1536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикор Әлтаевтың не үшін қамауға алынғанын түсіндірді

«Нұржан Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді», деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен.

Қазір Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», деп жазды агенттіктен.