Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.