Элиталық топта ел қоржынына алғашқы жүлдені құрамында Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина сынды спортшылары бар микстшілер командасы салды. Көп кешікпей жастарымыз 15 шақырымдық аралас эстафетада бас жүлдені олжалады. Бәсекенің бұл түрінде Алик Батырхан, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Виктория Марчук, Екатерина Удовыкина, Евгения Заам өнер көрсетті.
Дәл сол күні паравелоспорттан да сайыстар өтіп, Жұлдыз Қайнарова мен Әйгерім Нұрғали тандемі және Павел Бабенко қола медальды мойындарына ілді.