Футбол • 08 Маусым, 2023

Жартылай финалға шықты

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан кубогі жолын­дағы жарыстың ширек финалдық сайыстарының қарымта кездесулері өтті.

Жартылай финалға шықты

Шымкентте «Тұран» «Астананы» қа­был­дады. Алғашқы голды 29-минутта қонақтар сапындағы замбиялық легионер Дембо Дарбо соқса, 75-минутта Зикрилло Сұлтаниязов таразы басын теңестірді – 1:1. Бірінші матчта елордалықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол себепті де «Астана» жартылай финалға жолдама алды. Петропавлдағы «Жастар» стадионында жергілікті «Қызылжар» мен Шымкенттің «Ордабасы» күш сынасты. Бұл бәсекеде жалғыз голды 73-минутта Младен Веселинович салды. Бірақ алғашқы ойындағы жеңісінің арқасында оңтүстік өкілдері келесі кезеңге шықты. Алматыда тең нәтижеге қол жеткізген «Атырау» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен ұтты. Кездесу барысында Нсунгуси Эффионг дубльдің авторы атанса, Ян Труфанов бір мәрте мер­гендік танытты. «Тобыл» Қарағандыда «Шах­терден» 0:1 есебімен жеңілгеніне қара­мастан, қос матчтың қо­рытындысы бо­йынша қостанайлықтар өз жоспарын жү­зеге асырды.

Жартылай финалда «Астана» мен «Ор­дабасы» және «Тобыл» мен «Атырау» күш сынасады. Бұл ойындар 28 маусым мен 8 шілдеде өтеді.