Президент • 09 Маусым, 2023

Мемлекет басшысының бір күндік жұмыс кестесі жарияланды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысының бір күндік жұмыс кестесі жарияланды

Бүгін Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

Сонымен қатар Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;

Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;

Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;

ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.