Президент • 10 Маусым, 2023

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.

Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.

Әңгімелесу соңында Премьер-министр Шахбаз Шариф Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар