Қоғам • 11 Маусым, 2023

Семей орманындағы өрт: Президент көз жұмған орманшылардың жақындарынан кешірім сұрады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей орманындағы алапат өрттен қайтыс болған орманшылардың отбасы мүшелері мен жақындарынан Мемлекет басшысы ретінде кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семей орманындағы өрт: Президент көз жұмған орманшылардың жақындарынан кешірім сұрады

«Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады.  Мұны ақтайтын ешқандай  себеп жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында.

Ро

Президентпен кездесуде алапат өрт салдарынан қаза тапқан Алексей Губаевтың жұбайы Татьяна Будюк Мемлекет басшысына қызмет барысында күйеуінің орманда жеке көлігімен неліктен болғаны туралы сұрақ қойды.

«Түсінемін, сіз күйеуіңізден, асыраушыңыздан айырылдыңыз. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп айттым. Жағдай шынымен де күрделі. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын ғой. Мен сіздермен біргемін», деді Мемлекет басшысы