Қоғам • 11 Маусым, 2023

Тағы екі елді мекенде өрт нүктелері анықталды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы өртті сөндіру барысы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы екі елді мекенде өрт нүктелері анықталды

Нұрболат Дербісов ұсынған мәліметке сүйенсек, тікұшақпен барлау жұмыстарының нәтижесінде жағдай біршама тұрақталған. Алайда тағы екі елді мекенде өрттің ыстық нүктелері анықталды.

«Бұл бойынша жеке құрам, барлық техника жұмылдырылды. Тікұшақпен су төгу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жел бұрынғыдан да күшейіп жатыр. Жай жанып жатқан оттың қайта күшейіп кету қаупі бар. Сондықтан бүкіл күш-құралдарды әлі де жұмылдырамыз. Барлығы бақылауда», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, алапат өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері көз жұмған. 

Сонымен қатар 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.