Өнертапқыш жастар арасында өткізілген байқауға еліміздің барлық қиырынан 180 үміткер қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Байқаудың ашылу салтанатына республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер қатысып, техникалық шығармашылық бағытта ізденісте жүрген білім алушыларға сәттілік тіледі.
Әуе үлгілеу бағыты бойынша сынға түскен балалар модельді дұрыс құрастырып, биікке ұшырып қана қоймай, аэробатика фигураларына қатысты ойларын ортаға салды. Өзге бағыттар бойынша топқа түскен жастардың бойынан да ізденіс ізі айқын аңғарылып тұрды.
Байқау қорытындысында жүзден үздік шыққан өнертапқыш жастар марапатталды.