Футбол • 11 Маусым, 2023

Жаңа жеңімпаз анықталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лига­сының биылғы маусымы өз мәресіне жетті. Түркияның Ыстанбұл қала­сында ұйымдастырылған финалда Ан­глияның «Манчестер Ситиі» мен Ита­лияның «Интер» командалары кездесті.

Жаңа жеңімпаз анықталды

76 мың жанкүйерді сыйдыра алатын Ататүрік атындағы Олимпиада стадионында өткен финалдық матчта ағылшындық команданың бағы жанып, өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының қос құ­лақты кубогін жеңіп алды. Ойындағы жалғыз әрі жеңіс голын матчтың 68-минутында «Манчестер Ситидің» испаниялық жартылай қорғаушысы Родри салды.

Осылайша, «Манчестер Сити» өзінің 32-трофейін еншіледі. Олар тоғыз мәрте Ағылшын Премьер-лигасында, жеті рет Ан­глия кубогінде, сегіз мәрте Лига кубогінде, алты рет Англия суперкубогінде, бір рет кубок иегерлерінің кубогінде топ жарған. Сонымен қатар Пеп Гвардиола шәкірттері биылғы маусымда АПЛ және Англия кубогінде де жеңімпаз атанып, требл жасады.