Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Биыл әкімдіктердің деректеріне сәйкес жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы – 20,9 млн гектар. Майлы дақылдар алаңы бойынша бойынша жоспар 3,3 млн гектарды құрады, жұмыстар 3,3 млн гектардан аз алаңда немесе жоспардың 97,4%-ы аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50 мың гектарға, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға және Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды. Ақтөбе облысында майлы дақылдар алқабы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Батыс Қазақстан облысында 37,5 мың гектарға дән сіңірілді, алаң 16 мың гектарға қысқарды.
Картоп егу толығымен аяқталды, егіс алқабы 6,7 мың гектарға ұлғайтылып, 197,5 мың гектарға жетті. Қант қызылшасының ауданы 19 мың гектарға дейін жеткізілді. Бұл 2022 жылғы деңгейден 7,4 мың гектарға көп. Мақта 111,4 мың гектарға егілді. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 15 мың гектарға аз. Күріш 97,3 мың гектар алаңға егілді. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 2,3 мың гектарға көп.
Су тапшылығы қаупі бар екенін ескере отырып, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен Қызылорда және Түркістан облыстарын судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету жөнінде уақтылы шаралар қабылдау сұралады.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды.
Егісті қамтамасыз етуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қалыптастырған 2,4 млн тонна көлемінде тұқым қоры бар. Заңнамада көзделгендей тұқымдарға сараптама жүргізілді. Тексерілген тұқым көлемінің 99,9%-ы кондициялы деп танылды, демек егу стандартының 1 және 2-сыныбына сәйкес келеді. Тұқым жеткізуде ешқандай мәселе болған жоқ.
Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешендері, сондай-ақ 76 мың сепкіш жұмыс істеді. Сондай-ақ шаруалар егіс егуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. Ақпан-маусым айларына шамамен 419,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға көп. Шаруалар егіс егуге арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Ақпан-маусым айларына шамамен 419,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға көп. Дизель отынының шекті рұқсат етілген бағасының өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне баға өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта министрлік егін жинау науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отынына қажеттілікті қалыптастырып жатыр. Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне дизель отынының қажетті көлемін қалыптастыру және сату алғаш рет субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль базасында, электрондық нысанда жүзеге асырылатын болады.
Биылғы жылға шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Осыған субсидиялар алу бойынша барлық проблемалық мәселе шешілді, төлем өңірлерді қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда фермерлерге 464,7 мың тоннадан астам тыңайтқыш жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 68,7 мың тоннаға артық. Шаруаларды қаржымен қамтамасыз ету үшін биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша 140 млрд теңге қарастырылып отыр.
Осымен биылғы егіс науқаны өз мәресіне жетті. Ол жан-жақты жоспарланған, барлық ықтимал қауіп-қатер қамтылған жағдайда жүргізілді. Дән-дақылдардан, қажетті құрал-жабдық, техникадан, ең бастысы, қаражаттан қысылушылық, тапшылық болған жоқ. Шаруа баққан ел енді еңбегінің жемісін күтеді. Еңбекқор қауымның адал ниетіне табиғат, ауа райының рақымы қосылса, биыл да азық-түліктің қалыпты, мол қоры жасалады деуге толық негіз бар.