Тоғыз кезеңге жалғасқан бәсекеде өзбекстандық шахматшы 7 ұпай жинап, бас жүлдеге ие болды. Күміс медаль 6,5 ұпай жинаған Иран гроссмейстері Бардия Данешварға (ФИДЕ рейтингі 2555), қола жүлде 9 турда 6,5 ұпайға қол жеткізген отандасымыз Әлішер Сүлейменовке (ФИДЕ рейтингі 2463) бұйырды.
Шахматтан биылғы Азия чемпионаты 3-11 маусым күндері өткізілді. Оған Азияның 18 елінен ең мықты деген шахматшылар қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллар.