Аймақтар • 12 Маусым, 2023

Полиция мәртебесі министрдің мегаполис тұрғындарымен кездесуінде талқыланды

265 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Шымкент қаласына іссапармен келген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Түркістан» сарайында тұрғындармен жүздесіп, мегаполистегі құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады. Еліміздің бас полицейі сондай-ақ тұрғындардың шағымдарын тыңдап, жеке қабылдау өткізді.

Полиция мәртебесі министрдің мегаполис тұрғындарымен кездесуінде талқыланды

Министр кездесу барысында полицейлердің тәулік бойы ат­қаратын қызметінің нәтижесінде елімізде қылмыс деңгейі жыл басынан бері 19 пайызға, ал рес­публиканың үшінші қаласын­да 37 пайызға азайғанын айтты. Со­нымен бірге қылмыстың жасалуына әлеуметтік-экономика­лық фак­торлардың әсері ба­сым. Сон­дықтан оған ықпал ететін се­­беп­тер мен жағдайларды жою ма­ңызды. Осы ретте ІІМ Қоғам­дық қауіпсіздікті қоғаммен серік­тестікте қамтамасыз етудің тұ­жы­рымдамасын әзірлеп жатыр. «Құ­жат­та азаматтардың сұранысы ес­­керіліп, құқық бұзушылықтар про­филактикасы бойынша басқа ­да мемлекеттік органдардың жа­уап­кер­шілігі бекітіледі», деді министр. Ол сондай-ақ тұжырымда­ма 3 стратегиялық, атап айтқанда, қауіпсіз қоғам, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасауы және полицияны трансформациялау ба­ғыт­тарын қамтитынын мәлімдеді.

Бас полицей баяндағандай, қыл­­­мыстардың себептері мен сал­­­дарына аса назар аударылды. Бұл үшін тұжырымдама бойынша жұ­­мысқа халықаралық ұйымдар, қоғам өкілдері мен сарапшылар, мемлекеттік органдар тартылды. М.Ахметжанов тұрғындармен кез­десу кезінде азаматтарды алаң­датқан күрделі мәселелерге тоқ­талды. Солардың ішінде ин­тернет алаяқтықпен күрес, есірт­кі сату, тұр­мыстық зорлық-зом­былық, жол-көлік оқиғалары мен мемлекеттік органдардағы жем­қорлық туралы біраз жайттан хабар берді.

«Тұрмыстық зорлық-зом­бы­лыққа қатысты де­рек­тер­ соңғы 5 жылда елімізде 3 есе­­ге өсіпті. Өйткені көп жағдайда жә­бір­ленушілер полицияға арыз жа­зу­дан бас тартады, сол себепті үйдің берекесін қашыратындар­ды жауапқа тарту қиынға соғатын. Енді заңға жаңа түзетулер енгі­зілмекші. Яғни «өтініш беру» тәсілінен «анықтау» форматына көшеді. Сонда бұдан былай заң бұзған адамды арызсыз-ақ жауапқа тартуға мүмкіндік туа­ды. Сонымен бірге қайта тату­ласу мүмкіндігі шектеледі. Әкім­шілік және қылмыстық жауап­кершілік күшейеді», деді Марат Ахметжанов.

Халықпен жүздесуде ведомство басшысы қылмыстардың басым көпшілігі мас күйде жасалатыны­­­на тоқталды. Дерек бойынша соң­­ғы 5 жылда алкогольді ішімдік­ке то­йып алып қылмысқа бар­ған адамдар­дың қолынан 2 360 азамат қаза та­уыпты. Мәселен, биыл Шымкент­те біреу мас болып көр­шісіне пышақ сұғып алған. Министр адамдардың ішім­дікке әуес болуына алкогольді су­сын­дардың бақылаусыз сатылуы және маскүнемдерді емдейтін орын­дардың тапшылығы себеп екенін жеткізді. «Осы ретте құзыр­лы ор­гандар алкоголизмді емдеу­дің жаңа тәсілдерін енгізу қажет», деді ол. Мәселен, биыл сот 31 адам­ға қа­тысты мәжбүрлеп емдеуді та­ға­­­йындаған. Дей тұрғанмен ме­га­­по­листе алкогольді ішімдікке са­­лы­нып кеткендердің есебінде 2 мыңға жуық адам тұр. Сонымен бірге шаһарда 25,5 кило есірткі мен 6,5 кило оның «синтетикалық» түрі тәркіленген. Бұл улы заттар­дың жалпы құны 47 млн теңгені құра­са, мөлшері 9 мың адамға арнал­­ған дозаға тең. Сала басшысы баян­дамасында осындай деректер кел­тірді. Оның айтуынша, қалада 5 ай ішінде 316 мәрте киберқыл­­мыс жа­салыпты. Осыған байланыс­­ты байланыс операторларымен бір­­ге ауыспалы абоненттік нөмір­лер­мен қоңырау шалуға тосқа­уыл қойылды. Соның нәтижесінде 18,5 млн қоңырау бұғатталған. По­лиция киберқылмыстармен кү­ресу үшін Астана қаласында «Ки­­бер­пол» қанатқақты жобасын іске қосты. Енді жобаны Алматы мен Шымкент қалаларына енгізу жоспарланып жатыр. Сондай-ақ Марат Ахметжанов мегаполис­тегі криминогендік жағдайға тоқ­та­лып, жыл басынан бері 872 қылмыс тіркелгенін, оның ішінде 101 пә­терге ұрылар түскенін баяндады.

«Біздің мақсатымыз – ұрлық­тың себептерін анықтап, салда­рын жою. Бизнес-қауымдастық­пен бірлесіп, ұрланған мүлікті сату­ға мүмкіндік бермейтін тетіктер­ді қарастырып жатырмыз. Ұрлық­тың орын алуына тағы бір себеп – меншік иелерінің өз затына ие бола алмай, немқұрайлы қарайты­ны. Мәселен, пәтер ұрлығының көп­шілігі бейнекамерасы, домо­фоны, дабылқаққышы жоқ, олармен мүл­де жабдықталмаған үйлерде тір­келіп жатады», деді министр.

Өз кезегінде ІІМ бейнебақы­­лау жүйесін дамытуға ерекше мән бе­ріп отыр, бұл бағыттағы жұ­мыс­тар жалғаса бермек. Қазіргі таң­да Шым­кент қаласында 195 мың ка­мера бар. Олардың көмегі­мен 194 қылмыс ашылып, 18,6 мың әкімшілік құқық бұзушылық­тың жолы кесіліпті. Сондай-ақ ІІМ жол жүру ережелерін бұзғандар­ды анықтап, жол апаттарының алдын алу мақсатында алғаш рет мегаполисте «Қорғау» жүйесін іске қосқан болатын. Министр жүйе жалған нөмірлермен жүр­ген, айыппұлдары төленбеген, сақ­тандырусыз, іздестірудегі кө­ліктерді анықтауға мүмкіндік бер­­генін жеткізді. Айталық, осы уақытқа дейін 97 жалған мем­ле­кеттік нөмір анықталып, 114 мем­лекеттік нөмір алынған және 1 600­ жүргізуші куәлігінен айыры­лып, 8 мың көлік арнайы тұрақ­қа қа­малыпты. Сонымен бірге жыл ба­сынан бері жол жүру қағи­да­ла­рын 69 рет бұзып, 2,5 млн тең­ге айыппұлды төлемеген жүргізу­ші ұсталып, көлігі айып тұрағы­­на қойылған. Дегенмен Шымкент­­­те жол-көлік оқиғалары 16, жара­қат алғандар 23 пайызға азайған. Ал бірақ, өкінішке қарай, 22 адам қайтыс болды.

Баяндамасында министр көк­темде жұрттың жүрегін ауыр­тып, қоғамдық резонанс туғызған автобус апаты жайлы да пікір білдірді.

«Өмір – баға жетпес құнды­лық. Өкініштісі сол, оны кейде баға­лай бермейміз. Ең үлкен міндет – ол бі­­реудің тағдырына жауапкерші­лік. Сондықтан оны баршамыз се­зі­не білуіміз керек. Адамның өмірі кімге сеніп тапсырылса, ол со­ған бар жауапкершілігімен, сенім­мен қарауға тиіс. Бұл – кешегі көктем­де болған оқиғаға қатысты әңгіме. Сонда жүргізушінің немқұрай­лы­ғы кесірінен басқарусыз автобус 5 адамның өмірін қиды, оның екеуі – кіштентай бала. Жүр­гізуші қазір абақтыда отыр. Іс әлі тергеліп жатыр. Қайғылы жағ­­дайдың орын алуына себеп бол­ған автобус автопаркінің лауазымды тұлғалары бірнеше рет әкім­шілік жауапкершілікке де тар­тылды. Өткен жылы автобус жүр­гізушілері жол ережелерін 800 рет, ал 5 айда 850 рет бұзғанын ар­найы тексеріс көрсетіп отыр. Осы ретте автопарктің жол қоз­ғалысы қауіпсіздігі бөліміне қойы­лар сұрақтар бар. Мәселен не үшін рейс алдындағы нұсқаулар сапа­сыз өткізіледі? Неліктен жүр­гізушілердің еңбек демалысы тәртібі дұрыс орындалмай­ды? Со­нымен бірге көліктік бақы­лау инспекциясы, денсаулық сақ­тау органдары тарапынан авто­парктің қызметін тексеру бойын­ша нақты істер көрінбейді. Ендігі жер­де мұндай өкініш, қайғы қай­таланбауы керек. Әкімдік, поли­ция департаменті және прокурату­ра қоғамдық көліктердің қауіпсізді­гін үнемі бақылауда ұстау қажет», деді Марат Ахметжанов.

Бұдан бөлек, министр жергі­лік­ті атқарушы органдарға жол инфрақұрылымына және жол бел­гілерінің орнатылуына назар салу керек деді.

Еліміздің бас полицейімен кездесуде адамдар көптеген мәселе көтерді, жалпы салаға қатысты ұсы­ныс-ойларын білдіріп, жеке сұ­рақ­тары бойынша да шағымда­рын айтты. Мәселен, педагог мәрте­бе­сі секілді полицияның да ар-намы­сын қорғайтын мәртебе болу ке­рек деген ұсыныс білдіргендер бол­­ды. Сонымен бірге қала іргесіндегі Маятас елді мекенінің тұрғыны Самат Ережепов ауылының төңі­регінен Түркістан облысына қа­расты газ-бу қондырғысын орна­туға маятастықтар түгел қарсы еке­нін жеткізді. Алайда Экология ми­нистрлігі елді мекен тұрғындары хат­тамалық жиналыста қарсылық білдірмеуіне байланысты жобаны іске асыруға рұқсат берген. Бұған Самат Ережепов те, елді мекен азаматтары да аң-таң. Өйткені оның айтуынша, хаттама олар­дың қатысуынсыз жасалған және еш­бір адам оған қол қоймаған. Алайда қалай болғаны белгісіз, хаттама тұрғындардың сыртынан толтырылып жіберілген. Осыған байланысты Маятас елді мекені­нің тұрғындары тиісті органдарға арыз жазған. Ендігі жерде соңғы үміттерін осы жиналысқа арқа­лап келіп отыр екен. Сонымен бірге кездесуде министрдің алдына кіре алмай сыртта қалып қойған азаматтар да көп болды. Соның бірі Айдар Түймебаевпен тілдескенімізде ол «Ломбард24» қаржы ұйымынан жапа шеккен, ендігі әділдікті осы жерге іздеп келіп отырғанын жеткізді. «Осы қаржы ұйымы ар­қылы жағдайды түзеуге болады де­генге сеніп, 3 млн теңгеден ас­там ақшамды соларға құйдым. Алай­да біраз уақыт өткен соң әлгі ұйым жабылып қалды. Басшылары ұсталып қамалды. Бірақ соншама адамды сорлатып кетті. Енді «жеп» қойған халықтың ақшаларын кім қайтарады? Осы мәселенің аяғы немен бітеді? Мен өзім секілді жапа шеккен азаматтармен бірге әлі күн­ге дейін әділдік іздеп жүр­міз. Және соңына дейін баруға бел бай­лап отырмыз. Кездесуге бір үміт­­пен келген себебіміз де сол», деді жәбірленуші.

Халықпен кездескен соң Ішкі істер министрі М.Ахметжанов журналистерге арнайы брифинг өткі­зіп, сауалдарына жауап бер­ді. Кейін­­нен әртүрлі мәселемен кел­ген қала тұр­ғындарын жеке қа­былдады.

Қызметтік сапар соңында елі­міздің бас полицейі Шымкент ҚПД-ның жеке құрамымен кез­десу өткі­зіп, қызмет бары­сын­да­ғы кемшілік­тер мен артық­шы­лық­­тарды ашып ­айтты. Сондай-ақ қызмет барысында жоғары нәти­же­лерге қол жеткізген Ұлттық ұлан, Қылмыстық-атқару жүйесі мен Полиция департаменті қыз­мет­керлерін марапаттады. Содан соң Жедел басқару орталығына ке­ліп, қала тіршілігін бейнекамера­лар арқылы бақылады.

 

ШЫМКЕНТ