![Өрт маңындағы ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді](/media/2023/06/13/whatsapp-image-2023-06-13-at-12.14.50.jpeg)
Әскерилер ауылдарда мородерлікке жол бермеу үшін қоғамдық тәртіпті күзетіп, ауылда қалған кейбір тұрғындарды эвакуациялауға және зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Аталған орындарда жауынгерлік қызмет Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің жеке қадағалауымен ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда Абай облысындағы орманның ауқымды жерін жалмаған өрт әлі толық сөндірілмей, маңайда орналасқан ауылдарға қауіп төндіріп тұр.