Шахмат • 14 Маусым, 2023

Айару мен Зарина – әлем чемпиондары

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтың рапид және блиц түрле­рінен Грузияның Батуми қаласында ұйымдастырылған кадеттер мен жас­тар арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді.

Айару мен Зарина – әлем чемпиондары

Әлемнің 35 елінен келген 8-18 жас ара­лығындағы 450-ден астам шахматшы бақ сынаған жарыста жерлестеріміз екі алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды. Швей­цариялық жүйе бойынша өткен жас ойыншылар арасындағы рапид сайысында Аланна Берікқызы (10 жасқа дейін), Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) өз жас санатында 2-орыннан көрінсе, блиц шахматта 8 жастағы отандасымыз Иман Нəбиев те күміс медальды мойнына тақты.

Ал Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) жылдам шахматта қар­сылас шақ келтірмей, әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Жуырда ғана класси­калық шахматтан 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы əлем чемпионатында үздік шыққан Аланна Берікқызы бұл сында үздік бестіктің қатарынан көрінді. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар барлық жас санатында үздік нəтиже көрсеткен 3 шахматшыға емес, 5 ойыншыға жүлде тапсырды.