Жерлесіміз мұхиттың арғы бетіндегі доданың финалында әлемнің 187, осы жарыстың 3-ракеткашысы ретінде тіркелген америкалық Николас Морено Де Альборанмен шеберлік байқасты. Бас жүлде үшін өткен бәсекенің бірінші партиясында Кукушкин тай-брейкте сәтті ойнап, алғашқы сетті өз пайдасына аяқтады – 7:6 (10:8). Екінші сет те тай-брейкке дейін жалғасып, бұл жолы америкалық теннисшінің мерейі үстем болды – 7:6 (7:0). Ал үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші брейк жасап, матчты 6:4 есебімен түйіндеді.
Осылайша, америкалық Николас Морено Де Альборан бір аптаның ішінде екі жерлесімізбен кездесіп, екеуін де қапы қалдырды. Николас Морено осыдан бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада Бейбіт Жұқаевты аса тартысты матчта 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіп кеткен еді.