Қоғам • 14 Маусым, 2023

Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін қатынай алады

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы өрт кезінде қаза болған орман қызметкерлерінің отбасы мүшелері жыл соңына дейін ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін қатынай алады

«Қаза болғандардың отбасы мүшелеріне Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін тегін жүру мүмкіндігі берілді. Жалынды ауыздықтауға қатысып жатқан өрт сөндірушілерге біржолғы тегін ұшулар ұсынылып отыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысының қазіргі жағдайы туралы жаңа деректерді хабарлаған едік.