Ұлттық спорт • 14 Маусым, 2023

Бір жылда – жиырма жүлде

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жарыс десе арқасы қоза ақтарыла түсетін жас шабандоз Ақыл­жан Құрмашты білесіз бе? Бәйгеде бәс тіккен ат құмар ағайын жақсы тануы керек. Ол 7-сынып оқушысы һәм бір жылда жиырма жүлдені қанжығасына бай­лаған.

Бір жылда – жиырма жүлде

Әкеге қарап ұл өсе­тінін бабатаным басынан бол­жаған. Осы мәйекті сөзден біз де әрі аса алмай отырмыз. Кіш­­кентайынан тұлпардың тұ­рысы мен шабысынан қанат­танған өрімдей ұл әке­сінің қолғабысы бола жү­ріп, жыл­қының қасиетіне қа­ныққан.

«Ес білгелі әкем аттың ма­ңайынан алыстатпайтын. 3 жа­сымнан бастап атқа мінуді үйрендім. Бірде ағам маған тай сыйлады. Сол ар­қылы қызығушылығым оянып, аламанның өмірімде ерекше орын алатынын тү­сіндім», дейді А.Құрмаш.

Бала шабандоздың айту­ынша, жарыстың дуына түсе­тін жылқыға ерекше күтім ке­рек. Сезімталдығы сондай, өзіне деген махаббатты, жы­лылықты аңғарады. Сон­­дық­тан кейіпкеріміз жыл­­қы­ларын ерекше қарап, жем-шөп, суын ықыласпен уа­қы­тылы беріп, арнайы жат­тығулар жасатады. Са­йыс­тардағы сан түр­лі атақ-абы­рой, марапаттың бәрінде үл­кен еңбек жатыр.

Жалпы, жүлде алып, ха­лықтың қошеметіне кенелген сәтті Ақылжан сөзбен айтып жеткізе алмады. Ерекше се­зімді бастан өткеретіндігі көрініп тұр. Бастысы еңбектің өтемі оң істің алға басқанына ерекше қуанады. Жылқыға ат қоярда да айрықша мән береді. Оның жүрісіне, тү­сіне, мінезіне қарай қояды. Мәселен, «Айқасқа» атын сыртқы келбетіне қарап солай десе, «Еркежиренді» құлын кезіндегі еркелігі үшін атаған.

Ақылжанның жақсы көре­тін тұлпары – «Бақторы». Ол бүгінде көпке мәлім, көм­бенің көркіне айналған асыл тұқымды жылқының тұя­ғы. Сол себепті де атын солай қойған. Кейіпкеріміз әр бәйгеге тыңғылықты дайын­далып, әрқайсысынан жүл­де алуды мақсат тұтады. Би­ыл да олжалы болу үшін сәйгүліктерін баптап жүр. Ал­да үлкен додалар күтіп тұр.

 

Жетісу облысы