Нидерландтың Хертогенбос қаласында жалауы желбіреген ATP 250 санатындағы жарыстың бірінші айналымында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик бельгиялық Давид Гоффенмен шеберлік байқасып, екі сетте – 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін жерлесіміз бельгиялық теннисшімен екі мәрте кездесіп, екеуінде де қарсыласының мықтылығын мойындауға мәжбүр болған еді. Бұл жолы отандасымыздың бағы жанды. Бублик кеше аталған турнирдің екінші айналымында әлемдік рейтингте 9-орында тұрған италиялық Янник Синнермен кездесті.
Пуэрто-Риконың Пальмес дель Мар қаласындағы «Челленджер» турнирінде бақ сынап жатқан Бейбіт Жұқаев бастапқы бәсекесін әлемнің 242-ші, осы жарыстың 6-ракеткасы жапониялық Юта Шимизумен өткізіп, қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.