Білім • 15 Маусым, 2023

Шекті балл белгілі

2318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тесті­леу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орын­дар­дарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті ұпайларын жариялады.

Шекті балл  белгілі

Министрліктің шекті ұпай­лары өзгерген жоқ. «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бі­лім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты үшін кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салалары үшін кемінде 60 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек. Әр пән бойынша шекті балл – 5.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап академиялық еркіндік шеңберінде жоғары оқу орындары ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы. Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын талапкерлерге ыңғайлы болу мақ­сатында еліміздің барлық жоғары оқу орнының шекті балдарын ортақ тізімде ұсынады. Бұл деректер оқу орындарының веб-сайттарында да қолжетімді.

– Мысалы, бір түлек «Ма­тематика» пәнінің мұғалімі болғысы келеді делік. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен грант конкурсына немесе Еуразия ұлт­тық университетінің ақы­лы бөліміне тапсырғысы келе­ді. Өздеріңіз білетіндей, «Педа­гогикалық ғылымдарға» шекті балл кемінде – 75 балл, ал ұлт­тық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл. Түлектің жина­ған балы оқуға қабылдау үшін жетіп тұр. Алайда бұл универ­ситеттегі оның оқығысы келетін мамандыққа шекті балл 90-нан басталады. Демек, түлекке 80-нен төмен шекті балдары бар басқа университетті іздеу керек. Сондықтан оқуға құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер жоғары оқу орындарының шекті балдарын білуге тиіс, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі жақын уақытта жарияланады.