Спорт • 16 Маусым, 2023

Мағжан Шамшадин Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Мағжан Шамшадин Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мағжан Шамшадин Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте 15-орында тұрған Франция өкілі Седрик Револмен татамиге шығып бақ сынасты. 

Белдесу өте тартысты өтті. Себебі негізгі уақытта қарсыластар бір-бірін жеңе алмады. Қосымша уақыттың өзі 7 жарым  минуттан асты. Ақыры Мағжан оңтайлы әдіс жасап, жеңісті қанжығасына байлады. 

Мағжан Шамшадин спорттық жолында ірі табысына қол жеткізді.