Аймақтар • 18 Маусым, 2023

Атырау облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырымында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп кетті, 1992 жылғы көлік жүргізушісі мен 2001 жылғы жолаушысы, сондай-ақ Toyota Camry автокөлігінің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971 жылғы Toyota Camry  жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған.

Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.