Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды. 60 кило салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин барлық қарсыласын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл турнирде ол әзербайжандық Нәдір Талибов, өзбекстандық Бахром Ботуров, тәжікстандық Мерзод Суфиев және франциялық Седрик Револды шаң қаптырды. 66 кило салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаевтың да елорда төрінде Қазақ елінің әнұранын шырқатуға тамаша мүмкіндігі болды. Барлық бәсекеде қарсыластарын қапы қалдырған Ғұсман финалда испаниялық Давид Гарсия Торнеден ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.
Ал 73 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов қола жүлдені иеленді.