Жарыс қарсаңында Қазақстан жамбы ату федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Осы жиын барысында еліміздегі жамбы ату саласындағы мамандар мен спортшыларға 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы таныстырылып, 2024 жылы өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық мәселесі пысықталды.
Федерация президенті Еркебұлан Ілиясов бапкерлер мен спортшыларды ынталандыру мақсатында аталған додада үздік өнер көрсеткен спортшыларға пәтер және бапкеріне қаржылай сыйлық берілетінін де айтты.