Қоғам • 19 Маусым, 2023

Актуарийлерді оқыту жөніндегі үшжақты келісімге қол қойылды

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Нархоз» университеті КАҚ және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ арасында «Актуарий» білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Актуарийлерді оқыту жөніндегі үшжақты келісімге қол қойылды

Актуарий – қаржылық қауіпсіздік, тәуекелдерді бағалау және математикалық тұрғыдан негізделген сақтандыру, қаржылық, инвестициялық, әлеуметтік және зейнетақы схемаларын әзірлеу, сақтандыру оқиғаларының, аурулар мен өлімдердің, табиғи апаттар мен апаттардан болатын залалдардың ықтималдығын анықтау мақсатында статистикалық талдау міндеттерін шешетін актуарлық есеп айырысу, экономика және қаржы саласындағы маман.

Келісімнің мақсаты − «Нархоз» университеті 20 жыл бойы іске асырып келе жатқан және FIBAA халықаралық агенттігінің қолдауына ие болған «қолданбалы қаржы» бағдарламасы шеңберінде сақтандыру секторының білікті актуарийлерге деген қажеттілігін қанағаттандыру. Соның арқасында осы бағдарлама түлектерінің дипломдары бүкіл еуропалық жоғары білім кеңістігінде танылады.

Қол қойылған құжат шеңберінде агенттік қызметкерлері қатарынан кәсіби мамандардың дәріс және практикалық сабақтар өткізуге қатысуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және өндірістік практикадан өту үшін орындар береді.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры актуарийлерді даярлауға және қайта даярлауға мүдделі қор акционерлері атынан үйлестіруші болады.

Еліміздегі қаржы секторы мамандарын даярлап отырған «Нархоз» университеті президенті Мирас Дәуленов «Актуарий» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің болашағы зор екенін және бұл келісім «Нархоз» бен қаржы реттеушісінің ынтымақтастығының бірінші кезеңі ғана екенін атап өтті.

Шетелде актуарий мамандығы ең жоғары ақы төленетін және беделді мамандықтардың біріне жатады. Қазақстанда сақтандыру нарығы дамыған сайын  экономиканың сақтандыру және қаржы секторларында актуарий мамандығына сұраныс артып келеді. Актуарийлер инвестициялық қызметтер көрсету, тәуекелдерді бағалау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында да сұранысқа ие.

Бүгінгі күні нарықта 58 лицензияланған актуарий қызметін жүзеге асырып жүр.

Актуарий мамандығын дамыту және кадр сапасын жақсарту сақтандыру секторының тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыруға тікелей әсер етеді.