Қоғам • 19 Маусым, 2023

Геральдика орталығының құрылғанына екі жыл толды

368 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Мемлекетіміздің ұлттық құндылығы болып саналатын мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Ту, Әнұран - Тәуелсіздігіміздің басты байлығының көрінісі, бейбітшіліктің, татулық, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі ретінде қадірлеуіміз керек», деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тәуелсіз жеке дербес ел болудың бір сипаты – оның рәміздері. Осы орайда, ұлттық геральдикамыздың тұғыры – мемлекеттік рәміздерді қолданудың құқықтың нормативін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығы құрылған еді.

Геральдика орталығының құрылғанына екі жыл толды

Осы аралықта аталмыш орталық 2007 жылы 4 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» заң және 2011 жылы 15 желтоқсанда  қабылданған «QAZAQSTAN Республикасы Үкіметінің құрлымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» қаулысын негізге алып мемлекетке қызмет көрсетіп келеді.

Отандық геральдика мекемесіне қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихын зерттеу, мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді насихаттау және оларды қолданудың нормативтік құқықтық жүйесін бақылау, ведоместволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру, заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құқықтық актілер аясында құрметпен қарауын қамтамасыз ету міндеттері жүктеліп отыр.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану және насихаттау жөнінде консультациялық һәм әдістемелік көмек көрсету – орталық жұмысының басты бағыты. Сол себепті орталыққа мемлекеттік маңызға ие ведомстволық наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөнінде ұсыныс әзірлеу функцияларын жүзеге асыру міндеті жүктелді.

Жоғарыда атап өткен міндеттер мен мақсатты орындау үшін орталық құрылған күннен бастап көптеген мәдени-рухани һәм насихаттық шараларды атқарып келеді. Ең әуелі айтарымыз: орталық 2021 жылы «Қазақ геральдикасы» атты танымдық кітап басып шығарды. Бұл туындыда, Ұлы даланың сәніне айналған жартас таңбалары (петроглиф) мен жазбаларын (ироглиф) ежелгі далалықтар геральдикасының бастауы жайлы, сондай-ақ геральдика ғылымының салалас бөліктері – символдық бейнелер мен эмблемалар, ономастика, генеология, нумизматика, палеография, cфрагистика жайлы түсініктер берілді.

Өткен жылы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық датасына орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Мемлекеттік рәміздер және жаңа Қазақстанның елшілдік әлеуеті» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырып, мемлекеттік мекемелермен, БАҚ өкілдерімен, түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, патриотизмді, отансүйгіштікті насихаттайтын, рәміздерді құрметтеуге шақыратын қоғамдық шаралар өтті.

Атап өтер болсақ, өткен жылдың алғашқы жарты жылдығында 2 ғылыми-практикалық конференция, 1 республикалық форум, рәміздер тарихынан сыр шертетін 3 танымдық-көшпелі көрме өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді насихаттау, қадыр-қасиетін қоғамға түсіндіру мақсатында түрлі мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Елтаңба авторы, профессор, сәулетші Ж.Мәлібековпен 9 кездесу ұйымдастырды. Жалпы саны 15 іс-шара ұйымдастырлып, оларға 2000-ға жуық адам қатысқан.

Мемлекеттік рәміздерге деген халықтың құрметін арттыру үшін ақпарат құралдарының әулетін пайдалану да аса маңызды. Осыған орай Геральдикалық зерттеулер орталығы мемлекеттік телеарналар мен белгілі газеттер, интернет порталдарда 21 сұхбат, 17 мақала, 2 арнайы бағдарлама (Хабар, «Абай ТВ»), бір баспасөз мәслихаты өткізіліп, жарияланды. Орталықтың фейсбук және инстраграм желісіндегі парақшаларында түрлі бейнероликтер мен мемлекеттік рәміздердерді насихаттауға арналған материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрды. Осылардың ішінде ең маңыздысы 2022 жылы 12 шілде күні «Қазақ геральдикасы» кітап-альбомы Ұлттық академиялық кітапханаға табысталды. Орталық өзінің құрлымдық міндеті мен қоғамдық мақсатын көпшілікке таныстыру үшін «Таңбалар тілі» атты ғылыми-танымдық журнал шығаруды қолға алды. Өткен жылы екі саны жарық көрсе, биылғы жылы алғашқы саны шығып жатыр.

Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы мен Балалар жылына орай ауыл, аудан мектеп оқушылары арасында, инстаграм әлеуметтік желісінде рәміздерге арналған «Рәміздер – арожданым, айбыным!» атты өлеңдер оқу байқауын жариялады. Байқауға аудандық және ауылдық мектептерде оқитын 6-17 жас аралығындағы  50-60 мектеп оқушылары қатысты. Мұндағы мақсат – оқушылар арасында мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғындырып, патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы жастар бойына дарыту болатын. Байқауға қатысушылар мемлекеттік рәміздерді қолдана отырып Ту, Елтаңба, Әнұран тақырыбына қатысты өлең оқып, 1 минуттық видео түсіріп өзінің инстаграм жеке парақшасына жүктеді.

Сондай-ақ, Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекеттік рәміздердің  30 жылдығына орай «Мен қазақтың баласы» жас ақындар арасында айтыс өтті. Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған айтысқа республикалық жастар айтысының бас жүлдегері Аян Ниязбек, республикалық студенттер айтысының жүлдегері Ердәулет Ыбыраев, республикалық жас ақындар айтысының арнайы жүлдегері Нұртілеу Төленбек, республикалық жастар айтысының 3-орын иегері Нұрдәулет Өмірбеков, республикалық студенттер айтысының арнайы жүлдегері Ердәулет Ыбыраев, Қосшы қаласы жастар арасында өткен «Алтын домбыра» айтысының бірінші орын иегері Ақбота Манарбекқызы сынды жас ақындар қатысты.

Ал үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған іс-шараға тоқталар болсақ, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі Геральдикалық зерттеулер орталығы ресми ютуб каналына Мемлекеттік туды тарих арқылы қоғамға қадыр-қасиетін түсіндіру мақсатында ақын, жазушы, жыршы, манасшы, «Құрмет» орденінің иегері Б. Әлімжанмен батырлар тулары туралы сұхбат алынды. Келесі кезекте, 13 ақпан мен 1 наурыз аралығында, мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін дәріптейтін кретативті видео-ролик байқауын ұйымдастырды. Байқау Геральдикалық зерттеулер орталығының инстаграм ресми парақшасында жүргізілді. Байқауға 50 оқушы қатысты. Алдағы уақытта мұндай шаралар күн тәртібінде тұр.