Қоғам • 19 Маусым, 2023

Қостанайда дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қостанай облысында діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – М.Қ. Қайдар, М.С.Тойғанов, Д.А. Дисюков, Д.Ш. Қанаев қатысты.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Қостанай, Лисаков, Қарабалық, Меңдіқара, Денисов қалалары мен аудандарында сүт өнімдерін өндіруші «ДЕП» ЖШС, ауыл шаруашылығы машиналарын өндіруші «Дормаш» АҚ, Лисаковск қаласы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Қ.Дөненбаева атындағы ауыл шаруашылық колледжінде студенттер және оқытушылармен, Боровское ауыл әкімдігінің ғимаратында қызметкерлерімен және өзге де мекемелерде, өзін-өзі жұмыспен қамтыған  және жұмыссыз ауыл тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерімен, дінтану мұғалімдері мен әлеуметтік педагогтармен семинарлар өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.

..