Спорт • 20 Маусым, 2023

Нариман алдына жан салмады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурде спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлдеге қол жеткізді.

Нариман алдына жан салмады

«Ат жаттығуында» Нариман Құрбанов бас жүлдені олжалады. 25 жастағы жерлесіміз бұған дейін де бірақтар аса ірі халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілген. Құрлықтық деңгейдегі додаларда сан мәрте дараланып, Олимпия ойындарында да бақ сынады. Бүгінгі таңда Нариман – еліміздегі ең үздік гимнасшылардың бірі әрі біргейі. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин күміс медальді мойнына ілді. Ал командалық сайыста біздің жігіттер қола жүлдені қанағат тұтты.

Осы елеулі табысының арқасында отан­дастарымыз биыл 30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Бельгияның Антверпен қаласында жалауы желбірейтін әлем чемпионатының жолдамасына иелік етті.