Спорт • 19 Маусым, 2023

Финал Бейжіңде өтеді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2023/2024 жылдары өтетін Гран-при жарыстарының толық тізімін жария етті.

Финал Бейжіңде өтеді

Алдағы маусымдағы бәсекелер АҚШ, Канада, Франция, Қытай, Финляндия және Жапонияда ұйымдастырылады. «Skate America» деп аталатын тұсаукесер турнирді 20-22 қазан аралығында Американың Техас штатының Аллен қаласы қабылдайды. Арада бес күн өткеннен соң әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары Үйеңкі жапырақтар елінің Ванкувер шаһарында шымылдығы түрілетін «Skate Canada» додасында бас қосады. Қараша айында бізді төрт бірдей дүбірлі дода күтіп тұр. Олар – «Grand Prix de France» (Анже, Франция), «Cup of China» (Чунцин, Қытай) және «Grand Prix Espoo» (Эспоо, Финляндия) және «NHK Trophy» (Осака, Жапония).

Ал финалдық сайыстың жалауы 7-10 желтоқсан аралығында Бейжіңде желбірейді.