«2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп хабарлады сот.
Жексенбі күні Астанада қарулы адам Kaspi филиалында адамдарды кепілге алып, талаптары орындалмаса өлтіремін деп қорқытқан. Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана әкімі, Бас прокурордың бірінші орынбасары келген еді.
Бірнеше сағаттан кейін келіссөздер нәтижесінде кепілге алынғандар босатылып, ер адам ұсталды. Ол 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы Әлихан Мурадов болып шықты. Оның 2013 жылдан бері нашақорлар есебінде тұрғаны белгілі болды.