Спорт • 20 Маусым, 2023

«Жеңістің» тырнақалды табысы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дзюдодан аса ірі халықаралық коман­далық турнир аяқталды. Аталған дода­да Қазақстанның «Жеңіс» клубы өнер көрсетті.

«Жеңістің» тырнақалды табысы

Биыл ғана Қарағанды облысы дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұр­сым­баев пен кезіндегі танымал дзюдошы, қазіргі тасы өрге домалаған кәсіпкер Алмас Әлсеновтің бастамасымен іргетасы қаланған бұл команданың серкелері Астанада өткен «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023» турниріне қатысқандықтан Нева жағалауындағы жарыс­та Артем Штурбабин, Дастан Жұмажанов, Арслонбек Тәджиев, Егор Раков, Ақжол Дүй­сенбаев, Бекмұрат Олтибоев сынды қосалқы құрамдағы балуандар белдесті. Десек те олар да өз жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ. Үшінші орын үшін тартыста жерлестеріміз Беларусьтің «Стайка» клубын ұтып, қола медальді мойындарында жарқыратты.

Алдағы уақытта «Жеңістің» дзюдошылары Құрлықтық лигада күш сынасады. Біздің жігіттер А тобына түсті. Қарсыластарымыз – Мәс­кеудің «Сам­бо 70», Беларусьтің «Стай­ка», Краснодардың «Жем­чужина» және Тәжікстанның «Ходжи Шариф» клубтары. Төрт топтың әрқайсысынан ал­ғашқы үш орынды иеленген командалар жа­рыстың келесі кезеңіне жолдама алады.