Ересектер арасындағы жарыста еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері төрт медальді иеленді. Еліміздің ең үздік вело-
шабандозы Артем Захаров «омниумде» және Рамис Дінмұхамедов топтық сайыста күміске қол жеткізді. Құрамында Захаров пен Дінмұхамедовтен бөлек, Әлішер Жұмақан мен Дмитрий Носков сынды сайыпқырандары бар отандастарымыз командалық бәсекеде екінші орынды еншіледі. 4 шақырымдық қашықтықты олар 4 сағат 04 секундта жүріп өтіп, еліміздің рекордын жаңартты. Ал «скретчте» сынға түскен Руслан Елубаев қола медальді мойнына ілді.
Малайзияда жастар да өздерін жақсы қырынан көрсетті. Олар 6 күміс пен 4 қолаға иелік етті. Жекелеген сайыста Ризван Бейсенбаев, Вячеслав Сичкарев, Дария Қазақбай екінші орын алса, Вадим Белугин мен Елизавета Склярова үшінші сатыға жайғасты. Өзге жүлделерді жерлестеріміз командалық бәсекелерде жеңіп алды.