Спорт • 21 Маусым, 2023

Қоржынымыз күміс пен қолаға толды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Қырғызстанның аста­насы – Бішкекте өткен жасөс­пірімдер (U-17) арасындағы Азия бірін­шілігінде Қазақстанның балуандары 18 жүлде жеңіп алды.

Қоржынымыз күміс пен қолаға толды

Грек-рим күресі шеберлерінің жарысында Қазыбек Қалмағанбетов (60 кило) пен Бек­жан Исмағұлов (110 кило) күміс алса, Мұ­­қан Бекнұр, (48 кило), Әлібек Тұрлығазы (65 кило), Диас Сейітқалиев (71 кило) және Еркебұлан Әнапия (80 кило) қолаға қол созды. Еркін күрес шеберлерінің сайысында Едіге Қасыбек (110 кило) қарсылас шыдатпай бас жүлдені олжаласа, Нұрдәулет Сейілбеков (71 кило) пен Самир Дурсунов (92 кило) финалда ұтылды. Ал Ералы Амангелді (45 кило), Ералы Жетпісов (48 кило), Олжас Жауынбаев (51 кило), Аллан Оралбек (55 кило) және Алмас Сабыр (65 кило) қола медальді иеленді.

Қыздар арасындағы сайыста Ирина Абдуллина (49 кило) мен Софья Змазнева (61 кило) екінші орын алса, Мейрамгүл Мақсот (65 кило) пен Меруерт Назарбаева (73 кило) үшінші сатыға табан тіреді.