Ауа райы • 21 Маусым, 2023

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 маусымда ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соған байланысты жаңбыр мен найзағай сақталады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында – бұршақ, дауыл, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бұдан бөлек, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында өрт тұтанудың өте жоғары қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.