Спорт • 21 Маусым, 2023

Футболшының тартуы

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жылдары ұлттық құрама сапында жасындай жарқыраған жамбылдық футболшы Ұлан Қонысбаев 2016 жылы Қытай құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алып, біраз уақыт сүйікті ісінен қол үзіп қалған болатын.

Футболшының тартуы

Кәсіби мансабында «Тараз», «Астана», «Шахтер» секілді өзге де бірнеше клубтың жейдесін киген саңлақ футболшы бүгінде медиа лига командаларының бірінде бақ сынап жүр. Жасыл алаңда жанкүйерлерді шеберлігімен тәнті еткен Ұлан Тараз қаласының балаларына тамаша тарту жасады.

«Қаратау» шағын ауданының ба­­лалары енді «Ұлан Арена» ала­ңын­да доп тебеді. Шағын ауданға қа­расты №29, №30 үйдің ауласынан ашыл­ған алаң жергілікті балаларға зор қуа­ныш сыйлады. Жаңа футбол ала­ңының ашылу салтанатына қатысқан жас­өс­пірімдер Ұлан Қо­нысбаев секілді белгілі футболшы атану үшін тер тө­геміз деп отыр.

Жерлесіміз тарту еткен «Ұлан Арена» футбол алаңының ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қатысып, футболшыға, оның әкесі Әбиірбек Қонысбаевқа шаһар тұр­ғындарының ризашылығын жеткізді.

Іс-шара барысында аула тұрғын­дары да әйгілі футболшыға ақжарма тілектерін жеткізіп, бұрыш-бұ­рыш­та доп теуіп жүрген балаларына қам­­қорлық жасағаны үшін алғыс айтты. Жаңа алаңның ашылу сал­танатында Ұлан Қонысбаевтың өмір жолынан, кәсіби мансабынан сыр шертетін «Футбол және мен» кі­табының таныстырылымы ұйым­дастырылды.

 

ТАРАЗ