Спорттың бұл түрінен халықаралық додалар жыл бойы үздіксіз өтіп тұратыны белгілі. Ал қазіргі кезде екі апталық үзіліс жарияланды. Осы кезде әрбір мемлекет өздерінің ішкі біріншіліктерін өткізуді дәстүрге айналдырған. Солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазіргі кезде аталған жарыстың алғашқы жүлделері де сарапқа салынып үлгерді. Бақ сынаушылар қатарында Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Евгений Гидич және Юрий Натаров сынды республика чемпионатында талай мәрте топ жарып, көптеген халықаралық жарыста өздерін жақсы қырларынан көрсетіп жүрген танымал велошабандоздар да бар.
Талдықорғандағы тартыс 26 маусымға дейін жалғасады. Соның қорытындысы бойынша алдағы уақытта дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын команда жасақталады.