Табыс құрылымын талдау нәтижесінде бағалы қағаздар жөнінде сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған депозиттер мен кері РЕПО операциялары, сонымен қатар бағалы қағаздардың нарықтық қайта бағалаудан түскен табысы – 508,96 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табысы – 25,43 млрд теңгені және басқа кірістер – 1,59 млрд теңгені құрады.
Бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау 54,16 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. Осылайша, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптығына байланысты сәуір айындағы жиынтық табыс оң көрсеткішті қалыптастырды.
Сонымен Ұлттық банктің 2014 жылдан бері (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру үдерісінің аяқталуы) жинақталған таза инвестициялық табысы – 7,4 трлн теңгені құраған.
Зейнетақы жинақтарының құрылымындағы жиналған таза табыстың үлесі жүргізілген төлемдерді есепке алғанда мамыр айында 36,4% болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1998 жылы құрылған күннен бастап биылғы мамырға дейін инвестициялық табыс – 758,38%-ға жетіп, ал инфляция осы уақытта – 710,74% болған. Демек жинақталған номиналды инвестициялық табыс ұзақ мерзімді перспективада инфляциядан асып түсіп отыр деген сөз.
Ұлттық банк пен БЖЗҚ инвестициялық стратегияны жетілдіру және зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуде тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің ұсыныстарын іске асыруда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына түзетулер де енгізілгені бар. Бұл түзетулер ESG қағидаттарына сай, валюталық портфель акциясы қосалқы портфелінің бір бөлігін индекстік инвестициялауды және индекстік инвестициясы бар валюталық портфельдің корпоративтік облигацияларына инвестициялау кезінде ESG қағидаттарын қолданады.
Соңғы жылдардағы жаһандық дағдарыс пен геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, қор салымшыларының инвестициялық табысы тұрақты түрде артты. Мәселен, 2020 жылы карантин кезінде инвестициялық табыс рекордтық көрсеткіште 1,3 трлн теңгені құраса, ал әлемдік COVID-19-дан кейінгі дағдарыстан соң 2021 жылы инвестиция табысы 1,4 трлн теңге деңгейінде қалыптасты. Былтырғы дүниежүзілік макроэкономикалық жағдайға қарамастан, жыл соңына қарай, инвестициялық табыс 914,1 млрд теңге көлемінде болады деген үміт те жоқ емес.
Осы орайда еліміздегі инфляция деңгейі міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік береді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін және жеке есепке алуды жүргізеді. Жақында БЖЗҚ зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін азайтып, шілде айынан бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекстегі басым бағыттардың біріне енген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруде бірқатар жұмыстардың іске асырылып жатқандығы бар. Өзгерістер зейнетақы активтерінен БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының шамасы шілде айынан бастап айына 0,01-ден 0,008 пайызға дейін төмендейтін болады.
БЖЗҚ комиссиялық сыйақысы бұған дейін де 2021 жылы қайта қаралған болатын. Сол кезден бастап зейнетақы активтерінің 0,01%-дан аспаған. Аталған жылдардан бері БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы ұсталмаған. Оны тек зейнетақы активтерін басқарушылар Ұлттық банк (ҰБ, инвестициялық табыстың 2% аспайды) пен инвестициялық портфельді басқарушылар (инвестициялық табыстың 7,5% аспайды) алады. Осы жылы Ұлттық банк комиссиялық сыйақының шамасы инвестициялық табыстан 1,5%, ал өткен жылы 1,8% мөлшерінде болған.
Айта кететін жайт, БЖЗҚ құрылған кезде оның комиссиялық сыйақы мөлшері инвестициялық табыстың 7,5% және зейнетақы активтерінен айына 0,025% аспауы тиіс екендігі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Бұл жеке зейнетақы қорлары алған мөлшерден екі есе аз. Сонымен қатар БЖЗҚ Ұлттық банкпен бірлесіп жыл сайын комиссиялық сыйақы мөлшерін азайту және қор шығындарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2016-2017 жылдары зейнетақы активтерінен комиссия 0,0225%, 2018-2019 жылдары 0,015%, 2020 жылы 0,011% болды.
Осылайша, БЖЗҚ қызметін бастаған 2014 жылдан бергі уақыт аралығында зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы мөлшері 68%-ға төмендеген.