Ең қысқа әңгіме • 22 Маусым, 2023

Қамар сұлудың шын есімі қандай?

871 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қамар сұлу — Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы шыққан романы. Жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған бұл поэманы бәріміз сүйсініп оқыдық. Десе де бұл поэма неліктен «Қамар сұлу» деп аталғанын бірі білсе, екіншісі біле бермейді. 

Қамар сұлудың шын есімі қандай?

Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұрат Қапанұлы «Қамардың домбырасы» атты танымдық материалында жазды. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Ұлттық аспап шебері Қамар Қасымов түйдей құрдас, өте сыйлас дос болып өскен. Сұлтанмахмұттың әйгілі «Қамар сұлу» поэмасындағы негізгі кейіпкер қыздың шын есімі – Гүләйім. Достығының белгісі болсын деп Гүләйімнің атын Қамардың есімімен атаған. Мұны кезінде сол ауылдың көнекөз қариясы Әлмұқан Әлімбаев айтып кеткен, сондай-ақ бұл жайында «Қамар Қасымов» деп аталатын кітаптан оқып білдік.

Сұлтанмахмұт ақын, Жаяу Мұса, Шәкен Айманов Қамарға туыс болып келетіндігі де көрсетілген. Өкінішке қарай, талантты тұлғаның кіндігінен бала қалмаған.