«Қаладағы тариф саясатын өзгерту керек. Бізде 2012 жылдан бері жолаушы тасымалдау тарифі – 80 теңге. Бұл баға 12 жылдан бері өзгермеген. Әлемде автобусқа мінуге, сосын метроға, троллейбусқа және тағы басқасына көшуге болатынын көріп отырмыз. Қазір бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз, қыркүйекке дейін шешіледі деп үміттенемін», деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар Досаев былтыр қосымша 550 автобус сатып алынғанын, биыл тағы 600 автобус пайдалануға берілетінін қоса айтты.