Республиканың барлық дерлік аумағы әлі де атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жауады, оңтүстік-батысында — шаңды дауыл тұрады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі», деп хабарлады синоптиктер.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +19+21°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +29+31°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.