Қазіргі кезде елордалық хоккейшілер демалыста. Олар 16 шілдеде бас қосып, дәрігерлік тексеруден өтеді. Үш күннен кейін Астанада 18 тәулікке созылатын оқу-жаттығу жиыны басталады. 10-14 тамызда жерлестеріміз Татарстанға аттанып, TANECO кубогіне қатысады. Қазандағы дәстүрлі турнирде «Барыстан» бөлек, Ярославльдің «Локомотиві», Челябінің «Тракторы», жергілікті «Ақ Барс» клубтары күш сынасады. 20 тамызда олар іргедегі Омбыға сапар шегіп, Виктор Блиновты еске алуға арналған жарыста өнер көрсетеді. «G-Drive Аренада» өтетін додадағы қарсыластарымыз – «Авангард» (Омбы), «Локомотив» (Ярославль), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Өфе).
Содан кейін біздің жігіттер қайтадан Астанаға оралып, үш күндік жиын өткізеді. Ал ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігі 1 қыркүйекте басталады.