22 маусым күні Швейцарияда өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің кезектен тыс сессиясында IBA-ны ХОК құрамында қалдыру немесе қалдырмау мәселесі қаралды. Дауыс беру нәтижесі бойынша ұйымның 69 мүшесі IBA-ны мойындаудан бас тартып, қарсы дауыс берсе, біреуі IBA-ны ХОК құрамында қалдыру керек деген ұстанымын білдірген. Қалған 10 сайлаушы қалыс қалды.
Осылайша, ХОК IBA-ны 2024 жылғы Париж және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпия ойындарына бокс турнирлерін ұйымдастыру құқығынан айырды. Халықаралық бокс қауымдастығының міндетін әзірге ХОК атқарады.